Ұмыт бәрін
Күндеріңді ұмытшы бірге жүрген, Кештеріңді ұмытшы ойнап-күлген. Ұмыт бәрін, сезімді,сезімімді, Қалсын тек тәтті естелік мөлдіреген. Барымызды бағалап білейікші, Құдай қосқан жандармен жүрейікші. Адалдық пен арамдықты шатастырмай, Қанағат пен адал өмір сүрейікші. Арамызда қалмасын суық сезім, Есте қалсын, "жаным"-деген жылы сөзің жүрегіміз бірге соқпас қаласаңда, Орындалмас барлық арман бұл жалғанда. Кеш енді, бәрі қайта оралмайды, Өткен шақ кері айналып келе алмайды. Сағыныштың жалынына өртенсек те, Ойларымыз қалағандай бола алмайды. Тажибаева Алтынай
| |
Просмотров: 808 | |