Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Білем, бірақ неліктен суйе алмаймын?
Білем, бірақ неліктен суйе алмаймын?
Білем жаным...
Білемін...
Білем бәрін
Жүрегіңді ауырқан мұңдарынды
Жатар кезде үнемі ән тыңдарыңды
Білемін маған ғашық болғаныңды
Жасырынып үй алдында тұрғаныңды
Білем мені мәңгілік сыйларыңды
Білем маған деген ақ әсем ойларыңды
Анаңа айтыпсын мен жайымда
Білем іште сарғайған арманыңды
Білемін саған қаталдық қылғанымды...
Не дейін біліп тұрып жүрмін кешір
Мен енді ғана халін жайын білдім кешір
Байқамай жанарыңдағы махаббатты
Үстіңнен қаншама рет күлдім кешір
Иә білдім, білгеніммен өзгерді не?
Ұмыт еттім дос болған кездерді де
Сүйе алмадым өйткені, сені жаным
Сен сияқты қанша адал көздерді де
Сүймесем не істейін өзгер деме
Кешір мені... алдыңда айыптымын...
 
Акмарал
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 870 | Рейтинг: 0.0/0