Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Көп жұмақтар жатыр мөлдір көзінде
Көп жұмақтар жатыр мөлдір көзінде,
Мас болдым мен саған деген сезімге.
Сені ойлайтын болдым жаным тынбастан,
Оңашада жалғыз қалған кезімде.

Жеңе алады махаббаттың күшік кім, 
Ғашықпын ғой саған жаным түсінгін.
Сезімімді жеткізе алмай қиналам,
Неге мені мұнша азапқа түсірдің.

Қалдым сені жақсы көріп ұнатып, 
Көрген сайын қарай берем құмартып.
Маған өзің бір қарашы жалт етіп,
Жабырқаулы жан-дүниемді жұбатып.

Үнсіз жүрмін неге мұнша жасыдым,
Ғашықтығым қалмаса екен жасырын.
Жыр шертемін жүрегіммен тек өзім,
Менің ғана бақытым бол асылым.

Сүйемін сені сүймейтін сонша несі бар, 
Пәксін ғой жаным ақылы бар есі бар.
Біз қосылмасақ жат біреу сені жылатар,
Сол кезде менің адалдығымды есіңе ал.
 
Сопыбекова Макпал
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 815 | Рейтинг: 0.0/0