Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Мен сені ұмыта алмайм сенесің бе?
Мен сені ұмыта алмайм сенесің бе?
Кетпей койды алдымнан елесің де
Аузыма түсе беред есімің де
Жүрекке әмір жүрмейд білесің бе?
Ұмытуға тырыстым бірақ болмад
Саган деген үміт солмад
Түсінбеймін мұны өзім
Жетеді бірақ төзім
Күтемін қайда асыгам
Көңілім тек жасыған
Сенде мені сагынасын оны білем
Қиялымда өзіңмен бірге жүрем
Өмірде бірге жүру болмайтынын
Өкінішті,бірақ та жақсы білем
Өтінем тек өзіңнен –алыстама
«Ия» мен «жоқ» жүрегіңде жарысты ма?
Соғып жүрек басылып,сан ұшты ма?
Қиял ұшып сезімің қалысты ма.....?
Шыныменен өзіңе бауыр бастым
Ойлауменен өзіңді асып-тастым
Жақсы кезді ойлаған сәттерімде
Сезбеппін келіп қалған көзге жастың........
 
Райхан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 884 | Рейтинг: 0.0/0