Күн болып көңілімде күліп ең
Күн болып көңілімде күліп ең, Қасиет-қадірін мен біліп ем. Жаныңның шуағына жылынып ем Күтемін ондай бақыт енді кімнен? Қайырымсыз бұл тағдырға не етермін? Тынымсыз жыр нөсерін селдетермін Аяулым саған деген ақ сезімді Бесік қып жүрегімде тербетермін. Сен болып жұтар ауа, әрбір демім, Бейнеңді қайталанбас ән-күй дермін Кіршіксіз махаббатқа шаң жұқтырмай, Бөбек қып жүрегімде әлдилермін!!!! Мұқанов Айдос
| |
Просмотров: 822 | |