Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Ой толқынысы
Сен мені ұнатқын - ұнатпағын,
Жақында...
Қаламасаң жырақтағын.
Бірақ, бәрін көңілге түйіп алғын.
Сен менің жүрегімде тұрақтадың!
Тақ мейлі сыр бөліскен кештерге мін.
Сезімімді ескергін - ескермегін,
Әйтеуір жүрегімде нық орнығып,
Жанарыма елестеп, дес бермедің!
Қиялшылым, қиялға ерік бергін,
Берме яки, жүрегің бөліп бергін.
Сенің сыршыл ойыңды білмесем де,
Өзіңді сүйгеніме сеніп келдім!
Мейлі-ақ, ұнатқын - ұнатпағын,
Маған, әсте, қарындас, кінә артпағын.
Мұң қоршаған жанарда мұз боп қатып,
Жұп-жұмыр жүрегімде тұрақтадың!
Бақ мейлі, қабағымды бақпа мейлі,
Жаула яки, жаулама шақша мыйды.
Жалынамын жазғырма жазықты етіп -
Ақ көгершін-өлеңім - (ақ сәбиді)!
***
Ей, өмірім, зымыра - құралайым.
Жанымды түсіне алмас бір ағайын.
Менің мына мінезім құбылмалы.
Ұнамасам, қайтейін, ұнамайын!
Ей, өмірім, тым жүйрік - құлагерім,
Тағатымды талқылап, сына менің.
Мына менің көңілім тым кірпияз,
Құтты мекен еткелі жыр әлемін!
Ей, өмірім - өресі, өрісі кең,
Көңілімнің күйі жоқ, өңі сүрең.
Неңді аяйсың, несіне тарыласың?
Жыр елінің жас ақын - серісінен?!
***
жүрегімде мазасыз маздайды ой-мұң,
елес болып кетпейді қаздай мойның.
бұрындары амандық сұраушы едің,
қазір біраз күн отті жазбай қойдың!!!
***
ажарыңмен көңілді құнықтырдың да,
жанарыңмен, жарқыным, сыр ұқтырдың ба?
атқақтаттың жүрегін арыс кеуденің,
қалампырша құлпырып, күліп тұрдың да.....
шаштарың бұралаң-бұлақ қусыра өрген,
мінезіңе жарасар қымсына берген.
менің де махаббаттан бар үлесім,
дүниеге сол үшін құлшына келгем!
ашылады-ау күлтесі сірә бағымның,
сол еді ғой Алладан сұрағаным мың!
сенбегендер келіңдер, сезініңдер!
буырқанғанын балқытып бұла қанымның!
 
Бактияр Серикбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 851 | Рейтинг: 0.0/0