Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Көп іздедім саған әрен кездестім
Көп іздедім саған әрен кездестім,
Шын бақыттың келгендігін сезбес кім?!
Махаббаттың шуағына шомылдырған
Сендей жақын бола алмайды өзге ещкім!

Білдім енді бұл дүниеде барыңды,
Құлағыма ілді тағдыр бар мұңды.
Қуанамын сені көріп сүйсініп,
Көргендей ақ мәңгі сүйер жарымды...

бір сен болдың жанға балар серігім,
Шуағыңа келеді көп ерігім,
Дәлелдегім келеді бір ерлікпен
Саған деген көңілімнің берігін!

Маған бақыт ғұмыр кешу сенімен,
Көңіліме ұяланған сенім ен!
Сырым осы сенбесеңде сенсеңде...
Өмір бойы сүйіп өтем сені МЕН!!!
 
Жибек
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 1073 | Рейтинг: 0.0/0