Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Көкейдегі көңіл күй
Сүйіп едің сен мені,
Айта алмадың неліктен.
Мен білмедім қадіріңді,
Несіне енді өкінем.
Шын сүйгенін сезілетін, 
Сөйлеген әр сөзінен.
Сыйлаушы едің сен мені
Әрине бұл сүйгеннен.
Сол сәтте жүруші едім,
Өз-өзімді ұға алмай.
Дос ретінде қарап едім,
Сені ешкімге қия алмай.
Қадіріңді білмеппін-ау,
Несіне енді өкінем.
Сағындым сені жаным-ау,
Қайтып келші өтінем.
Әр күнім ойлауменен,
Өтіп жатыр біртіндеп.
Сағындым мен өзіңді,
Алыстасын сен менен.
Күттім сенің хабарынды,
Тағатсыздан әр күні.
Неліктен сен жаным-ау,
Сұрамадың халімді
Арта түсті сағынышым,
Хабарынды алмадым.
Сол бір түні өзіне,
Мен смс жазғанмын.
Күттім сенің жауабынды,
Неліктен тіл қатпадын?
Махабаттан мен қиналып
Сезімге бой алдырдым.
Сезім неткен күшті едің,
Жас жанымды арбадың.
Сен ұмыттың оңай мені,
Ал мен болсам қиналдым,
Мен өзіңе ғашық болдым
Ал сен болсаң ойнадың.
Саған деген сезімменен
Күнде осылай алыстым.
Әрбір күн алыстаты арамызды,
Өткен күндер өзіңді сағындырды.
Сол кезде сезіміңді түсінбей,
Біле алмаппын, жаны-ау,қадіріңді
 
Айдана БЕЛГІБАЙ
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 852 | Рейтинг: 0.0/0