Махаббатым сенбейді ертегіге
Енді мені бәріңде ұмытарсың, Селт еткізбес сендерді қылықтарым. Махаббаттың сындырып шарайнасын, Өз – өзімді мәңгілікке құрықтадым. Сен маған бұлайша қарамашы, Махаббаттан мені бөлек аралашы. Көздеріңді қадап қойып қансыратпай, Жараласаң қанжармен жаралашы. Сен мені самал болып тербетпеші, Махаббаттың шарабымен теңселтпеші. Мені алқаш секілді басымды жазбай, Шарап емес «у» беріп кетсеңдерші. Сезіміңнің сиқырымен арбамашы, Махаббатым көр соқыр алдамашы. Арықтар мен жыраға сүріндірмей, Жарға апарып итере салсаңдаршы. Сен мені жетелеме, жетелеме, Махаббатым сенбейді ертегіге. Ертегімен бақытты өткенімше, Өмірдегі Қозыдай өлмеймін бе? Сен маған бір нәрсе деп сөйлейсің бе? Махаббатым тас керең білмейсің бе? Айтпаппедім көре алмайды көзі соқыр, Соны білсең әрегірек жүрмейсің бе! Мұқағали қайдасың оян ағам?! Ғашықтардың жан сыры саған аян. Сен іздеген махаббатты менде іздедім, Бес елі бояу жағып боянбаған. Қарап тұрсам дәл қазір қиын маған, Кімнен сұрап, қай жерден сиымды алам. Сезімімнің гүлі солып, қурап жатыр, Махаббаттан бір тамшы бұйырмаған. Бұйырмаса, мейлі бәрі бұйырмасын, Мейлі тағы, маған деген сиын алсын. Сиын алсын, алсындағы енді кәрі, Мені тағы қайтадан қинамасын. Қинамасын енді қайтып махаббатты, Махаббаттан тараған шапағатты. Шапағаттан оянған сезім гүлін, Қос жүрек бір – біріне сыйламапты. Қазір түн. Қыс айы. Көктем емес қалжыраған, Жан жоқ менен қалайсың деп қал сұраған. Қал сұрайтын сенің Шәміл досың бар, Ал, мен жалғыз қара түнмен маужыраған. Жыр жазамда ұсынар сырласым жоқ, Ең болмаса қасымда құрдасым жоқ. Сен кезінде махаббат деп ішіп кетсең, Менің ішер стакандас мұңдасым жоқ. Қалай сонда өтедіме бәрі осылай, Ақ жүрегім қызыл қан боп осылардай. Махаббатым теріс қарап кеткеніме, Ерініне ерінім қосыла алмай. Шәмшіде жоқ, Шәмілде жоқ, сенде жоқсың, Міне осылай біздің дәурен өтті дерсің. Өтті деме сендегі дәурен тарқаған жоқ, Ал, мендегі дәурен емес әуре дерсің. Ғашықсың, шың ғашықсың, сол адамға, Менде солай ғашық болып, сүйе алам ба. Сен сол кезде жүрегі «Қола» - десең, Қазір оның жүрегі құрыштан ба? Қар жаумаса аяз неге қатты болад? Уақыт неге өткен сайын тәтті болад? Махаббат елестеуші ед, бал секілді, Неге дәмін татқан сайын ащы болад? Ғалым_бек
| |
Просмотров: 943 | |