Ғашығыма
Көп ойлаймын өзіңді,ұмыттым мен төзімді, Көре бергім келеді сенің нұрлы жүзіңді, Телефонның шылдырын көп күтемін өзіңнен Қуатпенен нәр аламын әрбір айтқан сөзіңнен. Көрмей қалсам бір өзіңді сағынам, Өзің бе едің,көптен күткен ақ боз атты ханзадам. Жүрегімді қайтейін, сені ешкімге де қимаған, Тәңіріме ризамын,сендей жанды бір өзіме сыйлаған!!! Жаным сен басқаларға ұқсамайтын ерекшесің,білгейсің, Жаурап қалсам болғаны нұрын шашып жылытатын Күндейсің, Сен маған қымбат жансың ұнатамын мен сені Мәңгілікке осыны есте сақтап жүргейсің!!! Қыдырова Ләззат
| |
Просмотров: 804 | |