Сезім жыры
Жырлағым да келмейді махаббатты. Сағынғым да келмейді сол бір шақты. Уысына сыя алмаған мен көбелек Ұшып кетіп, алысқа қанат қақты. Ұшқанменен тым алысқа қона алмады. Жарасына ем іздеген, таба алмады. Өзінше бір бақытқа бөлеген жан Мәңгілікке жүрегін ол жаралады. Сезім қиын... Қиын ғой неге сүйдім? Қамсыз кеткен... Осыншама неге күйдім? Үнсіз кетіп, жанымды жаралап сен, Нәзік жанды жүрекке мұнды жидың. Ақылыма көне алмады "мисыз" жүрек. Көп жылаумен таң атырғам, үнсіз жүдеп. Сағынғанда алғаш хат жазатынсың. "Кездесейік, жаным-ау, ертең біз"-, деп. Сағынбай-ақ қояйыншы сені енді мен, Тірліктерден жалығамын күйбеңдеген. Сырт айналып екеуміз де кетіп пе едік, Мәні кеткен, мағынасыз сезімдерден. ... Түн... Тыныштық... Мен үнсіз сол баяғы... Тамшыларды көктегі нұр шаяды. Сен екеуміз кездесетін анау талдар Бірге жылап, жалғыз құшак жаяды. Аңғалсың-ау, сезім манін білмейтін. Ақымақсың, қыз жүрегін сезбейтін. Ендігәрі кездеспестей жүресің, Сияқтысың ешқашан да көрмейтін. Үнің балдай болатұғын әсерлі, Сүйгенімді білген кезде кеш еді. Бұл дүниеде бірге бола алмасаң, О дүниеде кездесесің деседі. Қайдам ,бірақ жұмақ бізге нәсіп пе? Жауап бере аламыз ба әр іске? Мен тозаққа, сен жұмаққа кетіп жатсаң, Шақыршы сен, маған қарай асық де. Мүмкін емес білем олай болмайды, Сағынбайсың, жанымды сол сорлайды. Сүймейтінің, елемей де жүргенің, Біле білсең соның бәрі қорлайды. Көңілімде бітпеген бір мұң бар-ау! Бірақ сенде байқалады қиналмау. Кім түсінер, кім ұғынар айтшы өзі Хұсни Еркінқызы 2о12 ж.
| |
Просмотров: 865 | |