Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Саған сезім шексіз
Бір үміт, бір күдік қиялымды жалғайды,
Дәме жүрек күтуден еш таймайды
Жүрегімде сенің бейнең күлгенің
Қалайша енді, қалай ғана ұқпайсың?

Шын ғашықпын өзіңе пәк көңілмен
Сезесің бе жаным – ау, сенесің бе?
Болыппын өзіңе шексіз ғашық
Не деген ұмытылмайтын бос кеуде?

Сүйем сені, сүйіп өтем мәңгіге
Сенесің бе сен маған, сезесің бе?
Сенен артық адам кірмепті білсең
Жүрек деген тәтті сезім шәрбатқа

Мәңгі сүйем деймін мәңгілік,
Болама екен мен сияқты әнгүдік?
Есінен адасып отырып осылай
Деймін – ау тағы мәңгілік

Арман болар бос қиял қанат қаққан,
Төзімім жетер ме екен шалықтағын?
Арбауына сендей жанның қалайша?
Ұзақ уақыт бойы келемін мен қамалып

Жасырамын сырымды мен жырымды
Осылайша әнге қостым өзіңді
Ақын болмасамда болады екен осылай
Махаббат деген бұл шынайы расында

Не кедергі, білмеймін ала жіптер
Кесе берді алдымыздан сан өткел
Сеземін маған деген аз болсада
Бар екенін сезім деген ұшқынның

Дейсің сен маған сенбегендей танытып
Көтересің кеудеңді мүсе тұтып
Сүйе тұрып менде қалыспаймын
Көтерген кеудемді асырып бір тастаймын

Ұқсамайды – ау мінезіміз көкірек
Иілмейміз биік тұру керек екеуміз
Қалсақ егер біреуіміз кішірейіп
Қалғандаймыз шыныменен жеңіліп

Айхайлап жар салам ба сүйем деп
Шыда жүрек келемін мен елеңдеп
Қинадың ғой болады емес пе шегіде
Болады ғой, болады емес пе. . .
 
Сая
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 905 | Рейтинг: 0.0/0