Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

МАХАББАТТА ШЕКАРА ЖОҚ
Талай ақын ұлы сезімді жыр еткен
Ғашықтардың сезімін асқақ түлеткен
Махаббат деген сезім бар өмірде
Тек жастар сүйе алмайды шын жүрекпен

Махаббат көрінеді тас қамалдай
Мөлдіреген сезім ол жас жанардай
Махаббатты бағалай білмегенге
Елестейді биікте аспан айдай

Махаббат кәрі жасқа қарамайды
Үлкен болса кішіні бағалайды
Үлкен,кіші бәрібір шын сүйсе егер
Одан артығын өзіне таба алмайды

Махаббат ұзын қысқа бойда емес
Ақылды бол мейлі бірақ ойда да емес
Ұнатарда асығыстық болмаса егер
Жар таңдау да ешқашан болмайды кеш

Махаббатты бағалай білгендер бар
Шын ғашық боп шаттанып күлгендер бар
Қиналғанда махаббат жоқ деместен
Шыдап төзіп,қуанып күлгендер бар

Жүрегіңді қара бұлт жапқан кезде
Қаталсынып,тас темір шойындайсың
Іздеген ғашығыңды тапқан кезде
Махаббат бар екенін мойындайсың

Жүрегің түссе тұсау құрыққа
Сезіміңді бос бекерге суытпа
Барлығы тек өзіңе байланысты
Махаббатта шекара жоқ ұмытпа
 
Нурболат Атырау
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 879 | Рейтинг: 0.0/0