Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Стильсiз, бағытсыз-ақ
Жазылар шабытсыз-ақ...
Баспада басылмайтын,
Мүлде сыр жасырмайтын...
"Сыншылар" тұшынбайтын,
Байқауға ұсынбайтын...
Аспайтын iс-айлаға,
Оқылмас мүшайрада...
Сөреге сыйлап көрiк,
Жазылмас жинақ болып...
Танылмай қалар аты,
Тiлемес қаламақы...
Бағасыз осындай тым,
Әнге де қосылмайтын...
"Шындыққа" жанаспайтын,
Архивтен әрi аспайтын...
Тербейтiн желiккен мұң,
Ермегi ерiккеннiң...
Шикiлiк! Жағалай сын,
Сонда да бағалайсың...
Сондықтан сөз iрiсiн,
Терем де өзiң үшiн,
Жаза берем, жаза берем!
 
Талап
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 803 | Рейтинг: 0.0/0