Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Желiп келем, жылдармен жағаласып
Сөйте тұра өткенге санам асық…
Балғын шақтың бағалы тұмарындай,
Бұл күнде қайда екенсiң бала ғашық?!
Ұмытам ба сол шақты, сезiмдi сол,
Алып ұшпа, аңғалдау кезiм мүшел…
Екеуара жөнді тiл қатпасақ та,
Сыршыл едi, халiмдi сезiнгiш-ол…
Шаттық едi және мұң шеккiзетiн,
Естелiкке айналды тек тiзетiн…
Көзiмнен көңiлiмдi оқып алып,
Жанарымен жауабын жеткiзетiн…
Күнтiзбеден бiр парақ шегердiм де,
Ерiксiз аттанамын келер күнге…
Бiлмеймiн, қандай күйде қалар екем,
Жолығысып қалсақ бiз егер бiрде…
Бiлмейтiндей түгi жоқ, айқын бәрi,
Жан сырымды жүрегiм айқындады…
Жеткiзермiн өрнектеп, өлең етiп,
Әттең, сезiм пәк күйде айтылмады…
Белгiлi сасқалақтап, именерiм,
Анық қой аса албырт күйге енерiм…
Ақынсып алыстан ой тербесем де,
Жүрегiм бала ғашық күйде менiң…
Көмкерсем де көркем бiр сөздерге өлең,
Өтсе де қаншама жыл көз көрмеген,
Жанарымда сақталған жарқын бейнең,
Мендегi ұяң сезiм өзгермеген…
Сенесің бе?!
 
Талап
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 868 | Рейтинг: 0.0/0