Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Сүйе алмадың
Сен мені сүйе алмадың еркің дедім,
Енді сен өзге жанмен
Ешқашан өтінемін
Көзіме көрінбегін.

Сен мені сүйе алмадың мейлі дедім,
Ұмытам десем дағы
Өңімде күліп жүріп,
Түсімде сені іздедім.

Сен мені сүйе алмадың, табынбадың
Сондықтан мен жоқ жерде
Шарқ ұрып алып үшып
Сарғайып сағынбадың.

Сен мені сүйе алмадың,қона алмадың
Тырысып көрсең дағы
Бақ болып маған келіп,
Жаным- ау бұйырмадың!

Сен мені сүйе алмадың, алдамадың,
Шындықты тез сездіріп, арбамадың.
Өзгенің құшағында кетсең дағы
Мен сені келер деп бір армандадым.

Сен мені сүйе алмадың ақ тілегім,
Өзіңді сүйсем дағы
Қасқайып қарап тұрып
Тек қана бақ тіледім!...

Сен мені сүйе алмадың кешіремін,
Лаулаған от сезімді
Жүректен су сепкендей 
Жапырып өзім-ақ кеп өшіремін!

Сен мені сүйе алмадың, кешіремін!
 
Асем Иманбекова
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 989 | Рейтинг: 0.0/0