Бұл сен бе
Бұл сен бе Күтпеп едім... Өтінем, енді маған жүктеме мұң Неге келдің? Мен үшін енді сенің Жоқ еді түк керегің...... Құр бекер Тер төкпегін Енді мені сендірмес ертектерің . Сай-сүйегің езіліп сүйем дейсің, Сөкпеші,селт етпедім.... Біздің күн Батты дерсің, Мейлі мені сезімсіз, қатты дерсің. Кешірші, бұдан кейін сен мен үшін Жай ғана жат біреусің! Тағдырға көнгенім шын, Өтінем, осылай ет тек мен үшін. Ұмыт бәрін, сен енді мына маған, Әншейін әлдекімсің! Өткенді парақтаймын Ант етем, енді ол күнді оралтпаймын. Жолың ашық, кете бер мейлі маған Ештеңе жоғалтпаймын.... Бәрібір Бәрі маған Босатшы, басқа жанның бағы болам! Кетіңіз, мен сізді енді танымаймын Бұрын да танымағам...... ****** Сен мені әуел бастан ұнатпадың, Мен болсам, сені тіпті сүймегенмін. Сен жалған намысыңды құлатпадың, Мен мына «құрғыр» басты имегенмін. Сен мені еске алмадың сағынбадың, Мен сені іздемедім, ойламадым. Сен енді мына маған сағым болдың, Мен болсам сағынышқа айналамын. Сен менен үнсіз ғана жырақтадың, Мен сенен ақырындап алыстадым. Сендік сый - жұбатусыз жылатқаның, Мен болсам мұң сыйлаудан қалыспадым. Мен сені басқалардан қызғанамын, Сен мені өзге ешкімге қимағансың. Сезсең ғой жүрегімнің сыздағанын Білемін, сен де қатты қиналасың........ Менменсіп, ақылға ырық бермегенсің, Мен болсам одан сайын қырсыққанмын. Сен менсіз су түбінде шөлдегенсің, Мен сенсіз ауа барда тұншыққанмын.. Сен өзің бақытыңа оқ атқансың , Мен сыңар аққудайын қайрылғанмын. Сен мені бір жолата жоғалтқансың, Мен сенен мәңгілікке айрылғанмын... Білемін, жалғызсырап жылады ішің Мен бейбақ бұл жазаға лайықтымын.... Сен ғана барлығыңа кінәлісің, Мен ғана барлығыңа айыптымын.. Ботакөз Мұхиденқызы
| |
Просмотров: 884 | |