Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 08.02.2025

Тереземе түн келіп сығалайды
Көктем. Көше лайсаң, күн тұман,
Жаңбыр және тағы бұлтты аспан.
Мен отырмын терезеге үңіліп,
Көремін деп сұлулықты сыр тұнған.
Сені тосам қанша өтсе де мұнар күн,
Сені сүйем, бірақ, айта алмаппын.
Әлі күнге шырылдайды сол жүрек,
Амал нешік, жүрекке сызат салмақпын.
Әттең, шіркін! Білсең мына өлеңнің,
Өзіңе арнап, сені сағына өргенмін.
Сені сүйдім, сүйемін мен әлі де,
Бірақ та сен білмедің оны, білмедің.
Қол ұстасып кете бардың басқамен,
Ал мен болсам жаңбыр судай жасқа енем.
Нұрын төккен жаздай боп кеттің жаным, амал не?!
Жасын төккен жаңбырдай, мен қаламын көктемде.
Сені ойлаймын. Амал не, жүрекке әмір жүре ме?!
Тағдырыма көнігіп, өмір солай сүрем бе?!
Кім ойлапты осылай, сені басқамен көрем деп,
Бол әр кез де бақытты қайда, кіммен жүрсең де.
Мен – көктеммін, әнін айтып, жырлаған,
Жырлап тұрып көзден жас та парлаған.
Сен – жазсың, шаттанып тұрып мәз болған,
Таңмен таласар, күлкің неткен шадыман.
Телефонның шырылы...
Сенбісің?
Жоқ, қателестім мен тағы,
Көңілге түсті қаяу, мұң дағы.
Мен сені сүйем, ұмытпа мұны ешқашан,
Мен сені сүйем, жаным қатты, әрқашан.
 
Тортубекова Еркежан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 887 | Рейтинг: 0.0/0