Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Келмеске кетті сол бір шақ
Келмеске кетті сол бір шақ,
Күтумен ғұмыр кештік біз.
Жылдар да жылжып барады-ақ,
Жетелеп алға белгісіз.

Тагдырын осы жан досым
Өкпеңді кімге айтарсың.
Қона алмай кеткен жыл құсың,
Оралмай қойса қайтерсің.

Әйелдің жаны нәп- нәзік,
Түсінбейтін ер кісі.
Сезімдерді сезбейтін,
Қатыгез оның болмысы.

Топас па екен деп қалам,
Айналам да қоршаған.
Сезімтал етіп жаратқан,
Болмысыма көп налам.

Кейбіреуге оңай-ау,
Сезімсіз ғұмыр, күн кешу.
Мен үшін өмір сүргесін,
Сыйласу, бірге үндесу.

Өйткені- өмір бір өлең, 
Жазылмай қалған кеудемде.
Өйткені- өмір бір белең
Шыға алмай калган кей пенде.
 
Гүлнәр Рақымжанқызы
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 933 | Рейтинг: 0.0/0