Тереземе түн келіп сығалайды
Тереземе түн келіп сығалайды, Уақыт сырғып жылжуда тоқтамайды. Әлде қайдан пайда болып жалғыздықта Келіп менің қасыма паналайды. Тереземғе түн келіп сығалайды, Ойлар келіп түрткілеп мазалайды. Көзді жұмып түс көрсем біреу еніп Келіп мені өзінше жазалайды. Тереземе түн келіп сығалайды, Тыныштықтың патшасы ұйқы әлемі. Еніп кетсен болғаны бұл әлемге Таң атқанша тербетіп аялайды. Бабаков Жанболат
| |
| Просмотров: 1010 | |