Сені іздеймін
Сені іздеймін өмірдің шыңдарынан Төмен қарай қараймын құздарынан Жүр екенсің сен қайда жарығымау Айрылғандай жүрек бір сыңарынан Сені іздеймін жер шарын аралаймын Армандап көремін деп қиялдаймын Сыңарым жолығарма бұл өмірде Күн сайын жолдарыңды қарайлаймын Сені іздеймін көк аспан аясынан Шығама деп ақ бұлттар арасынан Бұл көктенде таппадым сені жаным Енді қайтем жүректің шарасынан Сені іздеймін теңіздің түбіненде Жылтыраған балықтай көрінерме Көрсем шіркінсенің сұлу бір бейнеңді Кеудемдегі бар сезім төгілерме Сені іздеймін жаным мен қайдан іздейм Көресің деп алдайды уақыт кейін Жолықшы бір көрінші өмірімде Сені іздеймін жаным мен мәңгі іздеймін... Жұманұлы Равиль
| |
| Просмотров: 1045 | |