Қиялымның сүйкімді кейіпкері
Қиялымның сүйкімді кейіпкері Ертегідей тылсым бір кейіптегі, Жел бітіріп арманның желкеніне Толқытқан толқындарды кейітеді. Жүректе бүршік жарған үміттерді Қып-қызыл қызғалдақтай гүл етеді. Сендіріп екі дүние шаттығына Көңілден күдіктерді сейілтеді. Жазира Таукиева
| |
Просмотров: 963 | |