Ей, өмірім, зымыра - құралайым
Ей, өмірім, зымыра - құралайым. Жанымды түсіне алмас бір ағайын. Менің мына мінезім құбылмалы. Ұнамасам, қайтейін, ұнамайын! Ей, өмірім, тым жүйрік - құлагерім, Тағатымды талқылап, сына менің. Мына менің көңілім тым кірпияз, Құтты мекен еткелі жыр әлемін! Ей, өмірім - өресі, өрісі кең, Көңілімнің күйі жоқ, өңі сүрең. Неңді аяйсың, несіне тарыласың? Жыр елінің жас ақын - серісінен?! *** жүрегімде мазасыз маздайды ой-мұң, елес болып кетпейді қаздай мойның. бұрындары амандық сұраушы едің, қазір біраз күн отті жазбай қойдың!!! *** ажарыңмен көңілді құнықтырдың да, жанарыңмен, жарқыным, сыр ұқтырдың ба? атқақтаттың жүрегін арыс кеуденің, қалампырша құлпырып, күліп тұрдың да..... шаштарың бұралаң-бұлақ қусыра өрген, мінезіңе жарасар қымсына берген. менің де махаббаттан бар үлесім, дүниеге сол үшін құлшына келгем! ашылады-ау күлтесі сірә бағымның, сол еді ғой Алладан сұрағаным мың! сенбегендер келіңдер, сезініңдер! буырқанғанын балқытып бұла қанымның! Бахтияр
| |
Просмотров: 999 | |