Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Ей, өмір
Ей өмірім мен саған өкпелімін.
Жанымды қинайсың сен текке менің.
Жүрегімнің жапырағын басқан жанның
Жүрісінен оны мен жек көремін.

Ей, өмір мен саған үндемеймін.
Өзің біл қайғы кеш, күл демеймін.
Жанардағы суыңды төксең дағы.
Бәрібір мен байғұс гүлдемеймін. 

Ей, өмір мен неге бақытсызбын.
Қасында жүргендеймін барлық сыздың.
Кейде өзімше тулаймын, түрленемін.
Құмға сіңген судаймын, басқан ізбін.

Ей өмір төгіліп жатыр тамшыларым,
Кім маған сыйлайды екен жан шуағын.
Өкінгенмен бола ма іс біте ме?
Осыншама сен неге қамшыладың?

Ей, өмір сауалы көп сұрақтарым.
Неғылғаның тұрмай жатып жылатқаның.
Қимайсың маған бір бақытыңды.
Көзін аш бітелген бұлақтардың.

Ей, өмірім неге сонша күрсінемін.
Күрсінемін жанымнан шықсын лебім.
Ақындар бақытты болмайтынын...
Мына қазақ мені оқып, білсін деймін.
 
Аллаберген Қонарбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 1252 | Рейтинг: 0.0/0