Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 21.06.2025

Өкпелеткен кездерде...
Өкпелеткен кездерде өзіңді ойлап.
Уайымдаймын шынымен сөзге бойлап.
Неге деген сұраққа жауап іздеп.
Кетемін кей сәтімде төзімді ойлап.

Өкпелеткен кездерде ақ бұлтымда.
Асығады жанарымды құрғатуға.
Ақ қайыңдар жапырағын желпінтеді.
Өзінше бір маған да сыр қатуда.

Өкпелеткен кездерде жылайтұғын,
Көңілім құлазытып құлайтұғын.
Өзгелер «не болды ?» деп мөлдірлеген.
Көздерімнен көздері сұрайтұғын.

Өкпелеткен кездерде жынданамын.
Шыдамдылықтан шіркін құр қаламын.
Өксіген сәттерімде жаным мұңда.
Төсіне шығып алам қыр даланың. 

Өкпелеткен кездерді еске аламын.
Еске аламын әркез мен кеш қаламын.
Қайтейін бұл өмірден жолым болмай.
Қалмайтын болды ау сірә еш амалым. 

Өкпелеткен кездерді кешірмеймін.
Сол күндерді жүректен өшір деймін.
Сүйгенің бір сені кешірсе де ...
Өмірің өкпелетсең кешірмейді.
 
Аллаберген Қонарбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 962 | Рейтинг: 0.0/0