Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 21.06.2025

Сүйген сәулем
Сүйген сәулем тағдырымсың таңдаған.
Сенсіз жерде бұл дүние тар маған.
Қос көлеңке жалғыз болып өтерміз.
Кездескенде қол ұстасып арман - ән.

Таңдайыңнан тәтті сөздер тамшылап.
Екі көзің жанып тұрған шамшырақ.
Қайда жүрсем құшып сүйіп тұрады ау.
Сағынышым менен бұрын қасрылап.

Қаламымды шын жүрекпен қолға алам.
Бір өзіме бақыт құсын жолдаған.
Кеудеме қонып сол бақытым мәңгілік.
Көл бетінде аққу құс боп орнаған.
 
Аллаберген Қонарбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 931 | Рейтинг: 0.0/0