Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 08.02.2025

Жоқ ендігі керегің!
Сезімдердің асылы едің,
Сүйген едім, ғашық едім,
Саған ғана асық едім,
Бәрін демде күйреттің.
Гүлдей солып сүлделерім,
Кешіп сезім дүрбелеңін,
Сен деп өмір сүрген едім,
Өзге өмірді үйреттің.
Мақсат қылдым ұмытуды,
Жылылықты, жылытуды,
Ең әдемі үмітімді,
Қаталдықпен сөндірдің.
Енді сен деп мұң кешпеймін, 
Сағынышпен тілдеспеймін,
Сеніміммен үндеспеймін,
Бәріне де көндірдің.
Сенсіз-ақ мен бақыт табам,
Емші болар уақыт маған,
Жүрегіммен сенемін...
Атар таңдар шұғылалы,
Маған төгіп нұрын әлі,
ЖОҚ ЕНДІГІ КЕРЕГІҢ!
 
ЖанЕрке
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 930 | Рейтинг: 0.0/0