Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 02.02.2025

Неге адамдар тусінбейді бір бірін?
Неге адамдар тусінбейді бір бірін,
Неге айтпайды көңілдегі кірбіңін.
Неге адамдар жол береді сұмдыққа,
Қызғаныштың босатпайды тізгінін.

Неге біреу тұңғиыққа батады,
Мансап үшін бар бақытын сатады.
Неге адамдар туысқандар ажырап,
Болмашыға окпелесип жатады.

Бірі жеңісін бақытына балайды,
Біреу баққа жеңіл көзбен қарайды.
Айтшы неге махаббатты біреулер,
Баянсыз деп,бағасыз деп санайды.
 

Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 1070 | Рейтинг: 0.0/0