Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 19.06.2025

Сіз барсыз
Жалқы жанымды жұбатамын деп, 
Таңда тербейді өлең кеп! 
Көктем көңілде бүр атамын деп, 
Сізді іздей берем елеңдеп!
 
Әлдекімдердің айтақ ұлындай, 
Өктем сөйлейді өресіз! 
Қасіретімнің қайтарымындай, 
Есіме түсе бересіз..
 
Етектен тартты.. етпейін күпір, 
Фәни күн өтпес ызғарсыз.. 
Бақытым болып бұйырған шүкір, 
Өлеңім.. және Сіз барсыз!
 
Смағұлова Салтанат
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 943 | Рейтинг: 5.0/1