Көндіктім..
Сүрінтті сынақ сан қырлы, (..Жай сұрағыш жақынсың). Түсінгің келсе тағдырды, Таңдайыңа дәм татырсын. Жанымның ар ед сүйгені, Жетпедім.. несін жасырам? Әзәзіл әлем биледі, Айламды қалай асырам?! Бақыт құшам деп қалайда, Тоғышар көңіл топшылар? Бақытсыздықтың алайда, Себебі мүлде жоқ шығар? Жығылған емен жолымнан, ..Парықты өзі пайымдар. Оң жүрсем дағы оңымнан, Туылмай қалған айым бар. Жұмбағы көптеу жалғанда, Мағыналы болар мендік мұң. Баспақщыл.. басқа салғанға, Көне беруге көндіктім. Смағұлова Салтанат
| |
Просмотров: 904 | |