Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 08.02.2025

АҢСАР
Сенің шерткенің домбыра, 
Менің шеккенім шер ме екен? 
Бір ғұмырды екі сорлыға, 
Ортақ қып неге берді екен?
Сенің көңілің аспанда, 
Менің өңірім - қара жер. 
Аңсарың ауған асқарға, 
Қош айтыспай-ақ бара бер.
Сен ұста бұлттың етегін, 
Сүрлеуім менің.. мың сынақ. 
Көрерге көніп кетермін, 
Жүремін кімнен құн сұрап?
Күн боп шық алаң-елеңнен, 
Жақсыға жоқ қой таласым. 
Деліғұлылау.. дегенмен, 
Желмен де табам жарасым.
Кетсең кет енді желікпе, 
Көк болсын сенің тұрағың. 
Сорымды сүйген кейіпте, 
Сары бел болып тұрамын.
Жұлдыз өмір деп лайық, 
Үздіге бермей бар енді. 
Бұдан соң мекен қылайық, 
Екеуміз екі әлемді.
Сенің көңілің аспанда, 
Менің өңірім - қара жер. 
Аңсарың ауған асқарға, 
Қош айтыспай-ақ бара бер.
 
Смағұлова Салтанат
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 876 | Рейтинг: 0.0/0