Аяймын махаббатты жетім қалған
Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп, Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп. Жазмыштың маған жазған пендесіне Мен-дағы кезігермін көп сенделіп. Мұң ба екен, Мұның бәрі уайым ба екен?! Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен. Қойнына қона алмаған қос аққуға Қол бұлғап қала берер – қайың мекен… Жабықпа, жарылқасын бетіңді алдан. Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман… Болар-ау бәрі де ұмыт, Амалым не, Аяймын махаббатты жетім қалған. Исраил Сапарбай
| |
Просмотров: 1133 | |