Агенттегі махаббат
Көрмедім агенттің жемісін, Қалайша сені енді сендірсем? Мен кіріп отырам сен үшін, Сен шығып кетесің мен кірсем. Жүректің көзінен жас тамып, Еш нәрсе айтпастан тынады – ай. Сөзіміз «Сәлемнен!» басталып, Жалғаспай қалады, бұ қалай? Жанымның қалауы сен еді, Арамыз дос емес қастай шын, Көп жазбайм, қорқамын, себебі, Тізімнен өшіріп тастайсың. Ақтарғым келеді – ақ сырымды, Көңілім жабырқау, санам – күз. Өзіңе арналған жырымды. Блогқа жазамын амалсыз. Тырысам дертіңе төзбек боп, Өртейтін жалынмен оттайсың. Басқалар мақтайды «Сөз жоқ!», — деп, Сен, бірақ, ешнәрсе айтпайсың. Әйтеуір сол сезім өшпесін, Байлады – ау өзіңе бір Құдай. Статус мен емес басқа есім. Қызғанып кетемін сұмдық – ай. Сүйгенім шығыр – ау бар кінәм, Ойлаймын, тізімнен өшірем. Өкпелеп аламын, артынан, Мен сені бәрі бір кешірем. … Кетпесім анық қой баз кешіп, Қызықсыз болғанмен тірлігім. Сен жоқсың. Агентім қалды өшіп, Таусылып қалыпты бірлігім... Авторы: Жасұлан Серік
| |
Просмотров: 959 | |