Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 19.06.2025

Періштем
Сен қалдырған бар жазаға келіскем,
Жүрегімді етті-ау менің мекен мұң.
Сүюді де күнә десең, періштем,
Бұл жалғанда ең күнәһар екенмін.

Айта алмай, тынам әркез мен іштен,
Сезіміммен жеке дара қалдым да.
Сүюді не кінә десең, періштем,
Кінәлімін қатты сенің алдыңда.

Келіскен де, сәтіміз жоқ керіскен,
Ғашықпын деп жар салардай мар маңға.
Егер сүю бақыт десең, періштем,
Менен асқан бақытты жоқ жалғанда!
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1202 | Рейтинг: 0.0/0