Сенімсіз сезім
Сүйемін деп жар салма сүймесеңде, Сол үшін бір алауға күймесеңде. Ұнату бір басқада сүю басқа, Ұрмағын қыршын басты бекер тасқа. Сүйген жаның лайықпа сүйгеніңе, Өмір деп бағыт алған үмітіңе. Сүйемін деп алып-ұшқан кеудедегі, Аппақ таза,ақ мамық көңіліңе. Расыменде сен оны сүйемісің, Өлем-күйем деседе сенемісің. Байқаймын мына жаста көңіл басқа, Алданып қалмашы тек көңілі жасқа. Асықпағын жаным сені сүйем деуге, Мына өмірді өзіңмен сүрем деуге. Махаббаты ұқпағын қуыс кеуде, Болмас сірә бұл жанға сүйем деуге. Досхан Исламхан
| |
Просмотров: 2547 | |