Күз суреті
Сарыала жапырақтар Қонады қалқып ұшып. Мүлгиді атырап бар Жамылып алтын ішік. Бу шығып бүйірінен Ағады жылға-бұлақ. Ақбөкен үйірімен Барады Сырға құлап. Дәнді алқап жалтылдайды, Жайғандай дүзге кілем. Жер-Ана ән тыңдайды, Аққулар тізбегінен. Қайың тұр амал қылып, Шық моншақ тағынып ап. Сүйеді самал – жігіт Қалғандай сағынып-ақ! Бұлбұлдар сайрамады, Бұтаққа жайғасып жай. Дөңгелеп Ай барады, Әлемнің айнасындай! Тәкәппар тау-шыңдар да Өрлейді сүйіп өрін. Қызығы таусылған ба, Думанды дүниенің?! | |
Просмотров: 1599 | |