Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Тайыр ЖОМАРТБАЕВ - Бала, Күн, Құс және Шие
Баланың Күнге берген жауабы:
Терезеден күн түсті,
Деді былай балаға:
«Жүр, ойнайық, іш пысты,
Шықпаймысың, далаға?»
«Мазалама, жарық күн,
Дей аямаймын жалықтым.
Ынта ауған сабаққа,
Ойынға жоқ уақытым».
Жазу жазды телміріп,
Қараған жоқ бас бұрып.
Бұтақтағы жас құстар
Шақырды оны ысқырып:
«Сабағыңды таста да,
Кел, ей бала, бақшаға!»
Баланың Құсқа берген жауабы:
«Шақырма мені, жыршы құс,
Отырмын үйде қылып іс.
Оқуды жақсы бітірсем,
Ойнармын сонда жазы, қыс».
Қызыл шие шақырып.
Деді: «Ойнайық, жарқыным!
Жеміс берем қып-қызыл,
Пісіп жеткен осы жыл.
Басқа бала жеп жатыр,
Келмесең, енді өзің біл».
Баланың Шиеге берген жауабы:
«Айналдырма, әй, шие,
Көріп тұрсың сен міне:
Ойнауға ешбір уақыт жоқ,
Істе керек бір жүйе».
Оқыды ол сабақ, ойланып,
Кітаптан мәнді сөз танып.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (19.10.2013)
Просмотров: 1149 | Рейтинг: 0.0/0