Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Тайыр ЖОМАРТБАЕВ - Жалқау бала
Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.
Сабаққа мойын бұрмайды,
Кітаппен кеңес құрмайды.
Мектепке ерте баруға,
Ұйқысынан тұрмайды.
Тұрса орнынан ырғалып,
Киінбей жылдам, жырғалып,
Оқиыншы мен де деп,
Тырыспайды тырбанып.
Шайы тұрар кеседе,
Тоймас, қанша жесе де,
Құлағына сөз кірмес,
Сабаққа бар десе де.

Жумайды және бет-қолын,
Сөйлемейді сөз жөнін.
Киімін тастар әр жерге,
Кез келсе де қай орын.

Күні бойы алысып,
Шаналарға жабысып,
Қайдағы бұзық баламен
Көшелерде табысып,

Ойынды тұрар ұнатып,
Бір отырып, бір жатып.
Жақын жүрген кісіге
Құм шашады, тас атып.

Сақтан, ғазиз балалар,
Сондай бала болудан.
Тырыса көр сабаққа
Білсең, көңіл болар жай.
Жаман бала атанып,
Бола көрме осындай.

Сабақ, білсең қуанып,
Риза болар ата-ана.
Бала күннен мақтау ал,
Айтар сөзім сол ғана!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (19.10.2013)
Просмотров: 1497 | Рейтинг: 0.0/0