Қадыр МЫРЗАЛИЕВ. Қыс
Көктемде әнші құстар кеп қонатын, Колхоздың айналасы бақ болатын. Конақ қыс ала келіп базарлығын Кигізді ұлпа қардан ақ халатын. Түтеген бораны да ере келіп, Тулайды алай-тулей дөнгеленіп. Таң ата саябырлап тыным алып, Тұрады таңғажайып түрге еніп. Айнала бір де қара дақ көрінбей, Қанатын ызғарлы жел қақты ерінбей. Кіршіксіз күміс қарға көз тұнады Басталмаған оқушы дәптеріндей.
| |
Просмотров: 1315 | |