Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Қадыр МЫРЗАЛИЕВ. Бұлбұл мен қожасы
(Ел аузынан)

Ту қадап төсіне
Қызарды күн шығыс
Айтты арыз иесіне
Тордағы әнші құс
– Отырмын былтырдан, 
Босатсаң болмай ма? 
– Босатсам, антұрған,
Мысық жеп қоймай ма?
– Қожайын бұлтарма,
Қолдайсың мысықты,
Әйтпесе, бұл торға
Қамар ең бұзықты!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1198 | Рейтинг: 0.0/0