Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 18.06.2025

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ - Хат жазып тұр.
Бар болғаны:
татар малай Нұримен 
Екі жылдай көрші тұрдым бір үйде. 
Бар болғаны:
жұрт қатарлы күнелтіп, 
Диктант жазсақ, ұқсас қате жібердік.
Бар болғаны:
Бір партада отырып, 
Екі жылдан екпінді бол оқыдық.
Бар болғаны:
Бірге бардың киноға, 
Мен сияқты отырмайтын үйде о да.
Бар болғаны:
барсам, әни жырғайтын, 
Пәрәмішпен, бәлішпен* де сыйлайтын.
Бар болғаны:
менің апам Нұр келсе, 
«Қазы же!» деп, қиылатын өлгенше... 
Бар болғаны:
сатып алып әр қолдан, 
Жаңа марка алмасушы ек альбомнан.
Бар болғаны:
ешкім бермей жеңістік, 
Футбол үшін, Пеле үшін керістік. 
Бар болғаны: 
Тек шахматтан ол ұтып, 
Сан бұртидым, бостығымды ұмытып...... 
Әуреге сап, бізге үйренген баланы, 
Екібастұзға үйі көшіп барады.
Ұзатқалы келдім, міне, перронға, 
Әни солда, 
Нұри, міне, оң қолда.
Қайта-қайта қысты Нұри қолымды: 
Жанарынан неге моншақ көрінді! 
Қандай ток кеп шымшып өтті жүректі, 
Қоңыраудан кейін
неге шым етті?!..
– Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Нұриім! 
Біле білсең, біздің үй де – бір үйің...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1107 | Рейтинг: 0.0/0