Мұзафар ӘЛІМБАЕВ - Телефонмен жұбатады.
Біздің Әсем келе сала сабақтан, Татпай тұрып столдағы тамақтан, Телефонмен шақырады анасын, Хабарлайды бүгінгі алған бағасын: – Мама, бүгін екі бірдей «Бес» алдым, Есіңде ме алдың күні неше алдым?! – Бәрі есімде! Айналайын есімде, Құтты болсын «төрттігің» де, «бесің» де. Терген білім, көрген тәлім – аспандап, Азамат боп өсуіңе баспалдақ! ... Телефонмен хабарлайды бағасын, Әсем солай қуантады анасын. Сонда анасы бір жасайды шалқиды... Қанатсыз-ақ көк жүзінде қалқиды... Әсем егер алып қалса пәс баға, Оңашада қара көзден жас тамар... Сол күні бір айрылғандай тілінен, Телефон да тырс етпейді күнімен. Онда айтпай-ақ іштен сезіп анасы, Телефонмен жұбатады баласын...
| |
| Просмотров: 1173 | |