Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Сағи ЖИЕНБАЕВ - Қыста.
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді.
Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік,
Есігінен кораның
Кіре алмасын бораның.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1133 | Рейтинг: 0.0/0