Сағи ЖИЕНБАЕВ - Саяхат
Құшак жайды бар алап, Қуанышқа бөлендік. Туған жерді аралап, Тамашаға кенелдік. Ақ орамал жамылған Асқар шыңға өрледік Асқақтата салдық ән, Айдын көлде тербеліп. Кездестік біз ерлермен Көл орнатқан далаға, Өзендерді бөгеген Өңкей күшті ағаға. Біз солардай боламыз, Біз сүйеміз өмірді. Көп-көп білім аламыз, Көркейтеміз өңірді
| |
Просмотров: 1241 | |