Сағи ЖИЕНБАЕВ - Жазда
Көлім, көлім, көлім деп, Қаз да келді маймаңдап. «Шомыл, шомыл, шомыл» деп, Жаз да келді жайраңдап. «Тыру, тыру, тыру» деп, Келді ұшып тырналар. «Құру, құру, құру» деп, Жүр жылқышы ағалар. Өзен-көлдің жағасы Гүлмен ою ойғандай. Тырналарға қарашы Жіпке тізіп қойғандай. Ал, жүріңдер, балалар, Қырға шығып көрейік. Қызғалдақты терейік, Құшактап ап келейік.
| |
Просмотров: 1156 | |