Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Қалижан БЕКҚОЖИН - Қос кептер.
Қос кептер күнде қонады,
Ауламды менің кең көріп.
Бағымның солар қонағы,
Сыйлаймын ылғи жем беріп.
Екеуі қандай әдемі,
Жем тереді жарасып.
Қандай және әдебі,
Көрген жоқ бір де таласып.
Қандай тату екеуі,
Достық деген осы да!
Күн-түні бір мекені,
Көкке ұшады қосыла.
Айтқаны әлде өлең бе,
Үндеседі сұңқылдап,
Құс тілін білсем егер де,
Мәз болар ем сыр тыңдап.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1080 | Рейтинг: 0.0/0