Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Мәриям ХАКІМЖАНОВА - Балама
Өмірдің ащы-тұщысын,
Сен үшін көрдім, бөбегім.
Көрмеген қайдан түсінсін,
Жатпаймын айтып себебін.

Аялап сені өсірдім,
Болсын деп жақсы азамат.
Еркелігіңді кешірдім,
Ерсіңді айтып саралап.

Арқалай жүріп ауыр жүк,
Жетектей сені оқыттым.
Алдымда бар деп зор үміт,
Жеткеніңді көп күттім.

Ақыры жеттің дегенге,
Азамат болдың саналы.
Анаң бар қымбат менен де,
Сүйе біл Отан–ананы!
Өмірлік қазна сарқылмас,
Мектептен алған білімің.
Оқытқан сені кәрі ұстаз, –
ұстазым еді ол менің.
Оқиды содан келер жас,
Оқиды сенің бөбегің,
Қартаймайтын сол ұстаз
Өсіре бермек өренін!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1155 | Рейтинг: 0.0/0