Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ - Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Аслан1 жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
| |
| Просмотров: 1744 | |