Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 18.07.2025

Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ - Жаз келер
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар
Жүгірер қырдан-ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп,
Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп,
Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды,
Харекет берсе-дағы қанша несіп.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1276 | Рейтинг: 0.0/0