Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 05.04.2026

Стихи Aйгүл Сағымбайқызы
Ойланып мынау өмірге,

Терең ойға батарсың.

Тізбек өткен күндерге,

Бір күні сынақ саларсың.

                ***

Сүйем деген сөзіңді,

Көп болды жаным айтпадың.

Кешегі болған бақыттың,

Ізін бүгін таппадым.

                ***

Жауап күтіп өзіңнен,

Таңды жалғыз атырдым.

Салқын мынау көзіңнен,

Маған сағым қадырдың.

                ***

Кете бердің алыстап,

Ізіңе бір қаратып.

Жылап тұрған жүрегім,

Сен деп жазар тіл қатып.

 

-/-/-/-/-

 

Толқыған мынау көңілді,

Қайтіп бүгін басамын.

Жүрегімнің бар сырын,

Барып кімге ашамын.

               ***

Азаппенен өмірім,

Бүгін өтіп барады.

Басқан мынау аяғым,

Артқа қайтып тартады.

               *** 

Мөлтілдеп аққан көз жастан,

Екі жанар шаршады.

Өртеніп жатқан жүрегім,

Мүлдем тыным таппады.

 

-/-/-/-/-

 

Өткен күнге өкінбе,

Өзіңе берік болғайсың.

Тағдырдың салған ісіне,

Қайтсеңде енді шыдайсың.

                    ***

Шыдайсың, әрине жылайсың,

Тоқтата алмай көз жасты.

Алладан барып сұрайсың,

Есіңе алып сол шақты.

                    ***

Жылама жаным, жылама,

Жақсылық болар жолыңда.

Әлі бақыт алдыңда,

Бәрі Алланың қолында!

 

-/-/-/-/-

 

Қайран шіркін өмір-ай,

Зырылдап, өтіп барасың.

Көзді ашып жұмғандай,

«Береке», «Бақыт» - қайдасың?

                     ***

Қайран шіркін заман-ай,

Қалт-құлт еткен арман-ай.

Жүректе жатқан зарымды,

Қиналып тағы айта алмай.

                    ***

Түсінер мені барма екен,

Жылаумен өткен түндер-ай?

Өмірдің заңы сол ма екен,

Жолдасым болды «Түн» мен «Ай»?

 

-/-/-/-/-

 

Ренжітіп алдым анамды,

Өмірде болған панамды.

Кешіре гөр деп жалындым,

Күнәкәр болған балаңды.

                 ***

Анаңнан ерте айрылып,

Жетімдік өтті басыңнан.

Кетпеді бейнет ілесіп,

Жалғыздық көрдің жасыңнан.

                 ***

Жетелеп мені жеткіздің,

Түнгі ұйқыңды мың бөліп.

Өміріңді жылауыңмен өткіздің,

Бір өртеніп, бір сөніп.

                 ***

Кешіре гөр анашым,

Кәрілік келер басыма.

Тілегім өзің, бар шыным,

Жүре бер мәңгі алдымда.

 

-/-/-/-/-

 

Бүгін қария жылады,

Жастықты еске бір алып.

Баласын сүйді, қорғады,

Бір күндей, бәрін еске алып.

                    ***

Қалайша қарттар үйінде,

Қалдым бүгін мен тозып?

Жаутаңдап тосқан сезімге,

Алып кетер деп, бір тосып.

                    ***

Тамағы да тоқ болса да,

Жүрек тозып, ащиды.

Кінә жоқ деп баламда,

Тілек тілеп жасиды.

                    ***

Әй заман ай, заман ай,

Жетім бала, қарттар ай.

Болмасын дүрлік осындай,

Кешіре гөр бізді бір Құдай.

 

-/-/-/-/-

 

Мейрімдік  кетті жүректен,

Көңілге қара дақ түсті.

Панасыз қалған анамен,

Бұл заман аса күресті.

                   *** 

Қалмады сорлы ананың,

Болмай басар тауы да.

Кірмес мынау сананың,

Билік болды жауында.

                   ***

Біреуі кетті мерт болып,

Біреуі кетті дерт болып,

Сонда бүгін кім болдық?

Хайуаннан да кем болдық.

 

-/-/-/-/-

 

Мен анамын, бүгінгі,

Дүрлікке ауырған жүрегім.

Жиырмаға жеткен баламды,

Жетелеп әлі келемін.

                *** 

Елімде бүгін баламдай,

Жиырмаға жеткен жасында.

Тәй-тәй басып болғандай,

Жақсылық болар басында.

                ***

Жерің, елің анаңдай,

Сен үшін тілек тілейді.

Егеменді сақта, бағаңдай,

Сонда үміт оты сөнбейді.

                ***

Сырттан келген дұшпандар,

Өртеп, жансып кетеді.

Ойлан ұрпақ, жыл сандар,

Бірақ күнде сөнеді.

                ***

Жылатпа туған еліңді,

Аяла өзіңе керек жеріңді.

Қай қазақ өзін өлтірген,

Қай қазақ өзін өртеген.

                ***

Біршілік болсын елімде,

Тіршілік толсын жерімде.

Дұшпаның қонбасын көңілге,

Ұрпағым ие бол жеріңе.

                ***

Ата-бабам қалдырған,

Туған елім жерімді.

Өсиетті сақтайық бар болған,

Өшірме қазақ сенімді.

 

-/-/-/-/-

 

Қайда барады адамзат,

Бір-бірімен таласып.

Жағадан алып, ұрысып,

Жүргені бүгін адасып.

                 *** 

Жоқ болса бірін бере алмай,

Бар болса тағы көре алмай.

Дүрліксіз мүлдем жүре алмай,

Бірліктің түбін таба алмай.

                 ***

Құлап жатса көтермей,

Басып, жаншып өтеді.

Ертең мүмкін өзіңнің,

Бұл басыңа келеді.

                 ***

Қайда барады адамзат,

Адасқан сайын адасып.

Алланың берген өмірін,

Неліктен жүрмес жарасып.

 

-/-/-/-/-

 

Арман қуған заман-ай,

Ақшаң болса адамсың,

Адамға адам дос болмай,

Жоқ болсаң сорлы боларсың.

                   *** 

Құдықты инемен қазғандай,

Өткен күннің тізбегі.

Не бар алда, о Құдай?

Жақсыдан тостым бір белгі,

                  ***

Қайда барсаң бір талап.

Қиналып жүрген қариялар,

Көрген күні бір азап.

Олардың ертеңі не болар?

                  ***

Ер азамат өсіріп,

Қиналып жүрген аналар.

Бейнетпен күнін өткізіп

Олардың күні не болар?

 

-/-/-/-/-

 

Өмірде бар байлығым,

Үш кішкентай құлыным.

Тілейтінім сендерге,

Ұзақ болсын ғұмырың.

               ***

Өмірдегі арманым,

Айтылмаған, жан сырым.

Өздеріңде деп білем,

Үш кішкентай, құлыным.

               ***

Күнде жерге құлайсын,

Кәмпит сұрап жылайсың.

Еркелетіп іскесем,

Маған өкпе құлғайсың.

              ***

Өкпелеме құлыным,

Өкпелеме боташым,

Жасыл менің жапырағым,

Нәзік менің бұтағым.

              ***

Жан жолдасың мол болсын,

Дұшпандарың аз болсын,

Аспандарың ашық боп,

«Қыдыр ата» қолдасын.

 

-/-/-/-/-

 

Түн жамылып келеді,

Жұлдыздар жайнап.

Үш, құлыныма ерекше,

Тұрмын мен қарап.

              ***

Сұрақ қойдың құлыным,

Әкеміз қайда?

Не айтайын жұлдызым,

Мұндай жағдайда?

             ***

Жыламашы құлыным,

Әкеңді ойлап.

Сен есейіп өскенше,

Келер ол тойлап.

             ***

Үш кішкентай, құлыным,

Жасыл жапырағым.

Гүлдене бер есейіп,

Менің бұтағым.

             ***

Бүгін көрсе сендерді,

Әкең өкінер.

Алыс жақта, жүріп ол,

Мүмкін түсінер.

 

-/-/-/-/-

 

Қамшының бір сабындай,

Қысқа мынау өмірде.

Құлшылық жаса аянбай,

Сақтап жүр соны көңілде.

                   ***

Ешкім әлі жетпеген,

Байлықтың мынау түбіне.

Алла, тәубе деп жүрген,

Жақсылықтың жетер көзіне.

                  ***

Екі өмірдің мейрімі,

Алладан деп білемін.

Берекенің тұжырымы,

Тәубеде деп келемін.

                 ***

Өмір сағаты зырылдап,

Тоқтар ол да бір күні.

Ұрпақ қалар бір жылап,

Болар деп күннің бір жөні.

 

-/-/-/-/-

 

Бақыт нұр жауып,

Өмір несібін,

Сені іздеп «Арман»

Бүгін келемін.

             ***

Жүрек шіркін-ай,

Кеудеме сыймас.

Бар ма өмірде,

Махаббат қимас?

             ***

Қалайша жаным,

Сені қиямын?

Бұл өмірге мен,

Қалай сыямын?

 

-/-/-/-/-

 

Аяулым, менің жан құтым,

Жарқ еткен, таңғы жұлдызым.

Неліктен, қолға қонбайсың,

Көп күткен менің, бақ құсым.

                  *** 

Басқа жанды аяладың,

Жақтың ұя отын сен.

Ұмытылмас дақты салдың,

Қала бердім жылап мен.

                  ***

Берейін саған тілегімді,

Не дермін енді, мен саған.

Сүйген адам кешірімді,

Хош бол енді, хош «Арман».

 

-/-/-/-/-

 

Бала кезді сағынып,

Күнде еске аламын.

Сары-Арқам деп табынып,

Терең, ойға батамын.

                ***

Жасыл, менің жайлауым,

Көкше, сұлу, тауларым.

Әндеткен жерім, сұңқарым,

Мәди, Сәкен ұлдарың.

                ***

Сәнді, сенің ұраның,

Сары-Арқам, менің аяулым.

Өсе берсін, ұрпағың,

Саған бүгін, айтарым.

 

-/-/-/-/-

 

Жалғыз бәйтеректей,

Жапырағы солған.

Мен қала берермін,

Хош бол, хош арман.

               ***

Сен деп, менде, армандадым,

Өмірде талай.

Неге менің қиялым боп,

Қалдың шіркін-ай?

                ***

Екі көздің жасы,

Мөлдір бұлақтай.

Ағыл-тегіл ақты,

Шіркін дүние ай.

                ***

Болдың бақыт құсы,

Басқа ұяның.

Тілейтінім бақыт,

Менің қиялым.

 

-/-/-/-/-

 

Ескек  болса қолымда,

Жүзіп мүмкін өтермін.

Өмір өзен жолында,

Бақытқа бір жетермін.

                 ***

Жалғыздық болды сыңарым,

Көңілді жастан жинадым.

Алладан сұрап қинадым,

Адастым таппай, мұңардым.

                  ***

Түн болды, менің шынарым,

Ай болды, менің сырласым.

Өртеніп тұрды, жанарым,

Жалғыздық, болды жолдасым.

                  ***

Қайтейін деп талпындым,

Үміт отын өшірмей.

Мұңымды артта қалдырдым,

Үміт отын сөндірмей.

                  ***

Ескек болса қолымда,

Жүзіп мүмкін өтермін.

Өмір өзен жолында,

Бақытқа бір жетермін.

 

-/-/-/-/-

 

Алматым деп, әндетіп,

Түсірмейін еңсенді.

Жетімсіреп қалды деп,

Біреу айтса, кім сенді?

                 ***

Жасыл қалам, бақ қалам,

Қанат бердің ұшырып.

Әсем, сұлу кең қалам,

Таққа талай қондырып.

                 ***

Өзіңнен туды жас қала,

Бірақ одан не пайда.

Ағашсыз қалды, жан қала,

Мөлдір арық, ол қайда?

                  ***

Осылай күнде қала ма?

Жылардай боп сырласам.

Берік бол, енді, жасыма,

Деп өзімді, жұбатам.

                  ***

Кешір бізді, жан қалам,

Тілейтінім Алладан,

Қасиетті, қоңыр кең далам!

Өсіп, өн әлі, қайтадан.

 

-/-/-/-/-

 

Кіндігім кесілген жан қалам,

Бақ тілеймін саған Астанам.

Сары- Арқам, жусан кең далам,

Анамнан кейін, сен анам.

                 *** 

Қиындық өтті басыңнан,

Әр ұлтпен бірге оңыңнан.

Ән ұран таптық жолыңнан,

Нәр алып талай суыңнан.

                  ***

Жас баладай қуандың,

Қайта оралған нәсіпке.

Өсіп – өнді ұрпағың,

Жол сілтедің кәсіпке.

                  ***

Қайта оралды ұрпағың,

Бақыт қонды басыңа.

Жәйнәй берсін, сол тағың,

Жас қосылсын, жасыңа. 

 

-/-/-/-/-

 

Қайғы, мұңым, сыңарым

Сені ойладым, мұңардым.

Бір өзіңсің құмарым,

Толықсыдың, жырладым.

                 ***

Қайран менің жүрегім,

Сен едің менің сенерім.

Барыңды сенің білемін,

Бар бақыт саған тілегім.

                 ***

Бес күндік мынау өмірде,

Басқаның шамын жақсаңда,

Сыйластық болсын көңілде.

Аман бол, жаным жалғанда.

 

-/-/-/-/-

 

Ағайын, жолдас, жорада,

Сыйластық болмаса, не пайда?

Бар болса шіркін көре алмай,

Жоқ болса ешті бере алмай.

                    ***

Бір – бірін күндеп сол жағдай,

Әрдайым сынақсыз жүре алмай.

Той түгілі, жерлеуге,

Дүрліксіз, мүлдем келе алмай.

                    ***

Көз тоймас, жалған өмірде,

Байлықта қалар, бір күнде.

Сыйластық, иман жүректе,

Мәңгілік, сол бір тілекте.

 

-----

 

Түсінбедім, шіркін ай, түсінбедім

Тағдыр сезім, түсім бе, өңімбе едің

Қу талқанын шығарып, бар сезімнің

Мазақ қылып, сен мені, кете бердің

                      ***

Шыдай алмай, булықтым, көз жасыма

Бар тілегім, оралсаң сен қасыма

Бір тал гүлді ұстаттың, сен қолыма

«Бөгет болма», деп зіркідің, «Сен жолыма»

                      ***

Осылайма еді мен тағдырдан сұрағаным

Сен едің ғой, сенерім де, жалғыз бағым

Кімге сенем, қайда барам, о «Жалғаным»

Қалғаның ба, мәңгі болып, маған «Сағым»

 

-----

 

Бұл өмірде шіркін ай,

Кездеспесем өзіңе.

Түсер ме едім ойланбай,

Мен, ляззаттің ізіне.

             ***

Бақыт деген, осы екен,

Сұлу екен, бар әлем.

Сол әлемде, шын екен,

Махаббаттан мың сәлем.

             ***

Шыр көбелек, айналдық,

Махаббаттың вальсында.

Мәңгілік, ағашын біз салдық,

Болайық деп соның қасында.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1817 | Рейтинг: 0.0/0